Домой Жаңалықтар Спорт Олимпиада чемпионы Цинь Кай Рио тұғырында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Олимпиада чемпионы Цинь Кай Рио тұғырында сүйіктісіне ұсыныс жасады

0
Олимпиада чемпионы Цинь Кай Рио тұғырында сүйіктісіне ұсыныс жасады

20160815111647

Бұл әсерлі оқиға Рио олимпиадасының оныншы күнінде әйелдер арасында 3 метрлік трамплиннен суға секіру жарысының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде орын алды. Суға секіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы қытайлық Цинь Кай осы спорт түрінен Рио күмісін еншілеген отандасы Хэ Цзыға тұғырда тұрған сәтінде сезімін білдірді. Жарыс соңында қытайлық ару әрі олимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізсе, әрі атақты спортшы қолынан неке жүзігін тақты. Осылайша, қыз жігітке келісімін беріп, көрермендердің қошеметінен кейін жұп бассейннен шығып кетті.

Еске сала кетсек, Цинь Кай трамплиннен синхронды секіруден (3 метр) олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012) атанған атақты спортшы. Ол Риода осы бағдарлама түрінен қола медальға ие болған еді.

Назерке Абибулла

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here