Гренландия — әлемдегі ең үлкен аралы. Ол Америка мен Еуропа аралығында Солтүстік полюстен 740 шақырым оңтүстікте орналасқан. Аралдың ауданы 2 130 800 шаршы шақырымды құрайды. Назарларыңызға Дат үкіметі иелік ететін әлемдегі ең үлкен арал туралы қызықты деректерді ұсынамыз, деп жазады massaget.kz.
1. Географиялық территориясына орай Гренландия Солтүстік Америкаға кіреді. Арал Данияның өзін-өзі басқаратын провинциясы болып саналады. Гренландия жер ауданы бойынша Даниядан 50 есе үлкен болса да, арал халқы біркіші қаланың тұрғындарынан аспайды.
2. Гренландияның басым бөлігі мұзбен қапталған. Кейбір жерлердегі мұз қалыңдығы 3 шақырымға дейін жетеді.
3. Гренландияда 56 890 адам тұрады. Ал халық тығыздығы шаршы шақырымға 0,027 адам келеді.
4. Арал тұрғындарының басым бөлігі территорияның оңтүстік-батысында өмір сүреді. Себебі аралдың осы жағалауынан Гольфстрим ағысы өтіп, ауа райын өмір сүруге қолайлы етеді.
5. Гренландия тұрғындарының 90%-ын жергілікті эскимостар құрайды. Ал қалғаны — дат халқы мен өзге де еуропалықтар.
6. Эскимостар — Гренландияға аяқ басқан алғашқы адамдар. Шамамен 985 жылы алып аралға Норвегия мен Исландиядан викингтер келеді. Олар жаңа жердің мұзға оранып жатқанын көрсе де, оны «Жасыл жер» (Greenland) деп атайды. Викингтер Гренландияның атына мән беріп, келушілердің саны өсуі үшін осылай атайды.
7. «Жасыл жер» 1380 жылдан бері Данияның отары болып келеді. Ал 1979 жылы Гренландия өзін-өзі басқару құқығына ие болды.
8. Егер Гренландия мұзі толығымен ерісе, теңіз суының деңгейі 7 метрге жоғарылайды. Нәтижесінде Нидерланды, Венеция, Данияның біршама территориясы мен көптеген аралдар су астында қала еді.
9. Гренландияның территориясына Англия, Шотландия, Уэльс, Франция, Италия, Голландия, Бельгия және Норвегия сыйып кетеді.
10. Гунбьёрн тауы — Гренландияның ең биік шыңы. Ол Арктиканың да ең биік нүктесі болып саналады. Биіктігі — 3700 метр.