Рио олимпиадасының тоғызыншы күнінде синхронды жүзуден іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан атынан апалы-сіңлілі Немичтер бақ сынап, еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 24 жұптың ішінде 15 орынға жайғасты.
Александра мен Екатерина жұбы еркін бағдарлама көрсетіліміне сәйкес 81.4000 ұпайды еншіледі. Еркін бағдарлама үздіктері 98,0667 ұпаймен ресейлік Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина атанса, екінші орынды екі ұпай айырмашылығымен қытайлық Хуан Сюэчэнь мен Сунь Вэньянь иеленді. Ал үштікті 94.4000 баллмен жапондық Рисако Мицуи және Юкико Инуи жұбы қорытындылады.
Бүгін 20:00-де синхронды жүзуден техникалық бағдарлама сайысы өтеді. Финалға еркін және техникалық бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 12-лікке енген жұптар ғана жолдама алады. Жүлде үшін бәсеке 16 тамыз күні сағат 23:00-де басталады.
Назерке Абибулла