Конкурстық іріктеу негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Тоқтар Оразұлы Усубалиев тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Тоқтар Оразұлы Усубалиев 1972 жылы 22 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округінде туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, инженер.
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы, сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған.
1998-1999 жылдары Шымкент қаласы, жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2002 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, экономикалық анализ және жоспарлау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.
2002-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы орынбасары және Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.
2013-2014 жылдары «КазМТОГрупп» ЖШС-де директордың орынбасары болған.
2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Тау-Кен Самурык» АҚ-да ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарып келді.