Қазығұрт ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» автомагистраль жолында орналасқан 94 нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 шілдедегі «Жол шаруашылығын қүқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» №245-ІІ қаулысында белгіленген жер бөлу нормалары мен санаттарына I техникалық жолдар үшін — жолдардың осінен 35 метрден белгіленуіне сәйкес келуі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде заңсыз салынған 20 нысан бұзылды.
Сонымен қатар, Шарапхана ауылы округінен өткен республикалық маңызы бар автомагистраль жолының 741-785 шақырымы бойындағы заңсыз салынған нысандары мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын сақтамай салынған 14 құрылыс нысандарын ОҚО сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына заңдылығын тексеріп, тиісті шара қолдану үшін хаттар жолданып, ескерту хаттар берілді.
Бүгінгі таңға 8 нысан иелері сотқа тапсырылды. Оның 5-не айыппұл салынып, бұзылуға шешім шығарылды. Ал 3 нысан сотта қаралып жатса, 1 нысан иесі өз еркімен бұзды. Қалған нысандар бойынша қайта ОҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасына заңдылығын тексеруге жолданып, осы жылдың 22 тамызы күні сотқа тапсырылады деп күтілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» автомагистралі жолының бойынан заманауи талапқа сәйкес сауда орталығын салуға жобалық сметалық құжаты әзірленіп, жалпы егжей-тегжей жоспарын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр.