Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов ұлы композитор Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне орай өткен «Менің Қазақстаным» əн байқауының марапаттау рəсіміне қатысты. Онда ол барша Оңтүстік жұртын өнер мерекесімен құттықтап, дəстүрлі түрде өткізіліп келетін фестиваль биыл Шəмші Қалдаяқовтың туған жерінде тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын атап өтті.
Сондай-ақ облыс əкімі аталған байқауды келер жылы Созақ ауданында өткізуді ұсынып, Астана қаласы мен Отырар ауданында Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнату жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Ұлы жазушы Мұхтар Əуезов айтқандай Шəмші əуені ХХ ғасырдың төбесінен сорғалап тұрған тілмен айтып жеткізе алмайтын лирика. Ол ХХ ғасырдың ғана емес, адамзат баласы өмір сүре беретін келешек заманалар төбесінен де тамшылап тұрар құдырет», — деді аймақ басшысы..
Осылайша, ән әлемінің падишасы, вальс королі Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» конкурсында биыл жүзден жүйрік шығып, бас жүлдеге ие болған болашақ эстрада жұлдызы – Отырар ауданының тумасы Руслан Ақынбеков болды. Байқауға Шымкент қаласынан сынға түскен Тұрғынбек Бекзат І орынға ие болса, жүлделі ІІ орын созақтық Гүлбану Шалабаеваға бұйырды. Үшінші орынға Түркістан шаһарының намысын қорғап келген «Асу» дуэті лайықты деп танылса, облыс əкімінің жүлдесіне арыстық Жұлдыз Әділбекова қол жеткізді.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барша үміткерлерге облыс әкімінің арнайы сыйлығы табысталды.
Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» ән фестивалінде Оңтүстік Қазақстан облысының әншілері 4 жыл қатарынан Бас жүлдені жеңіп келген болатын.