Домой Жаңалықтар Қоғам Аймақтардағы аршынды істер

Аймақтардағы аршынды істер

Аймақтардағы аршынды істер

Аймақтардағы аршынды істерАлматы облысында бірер жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен 8 ірі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Айқын» газеті.

Олардың қатарында Іле өзеніндегі «Кербұлақ» қарсы реттеуші су электр стансасы мен Шелек дәлізіндегі жел электр стансасының құрылысы, сондай-ақ, Шелек өңірінің энергия әлеуетін дамыту жобасы да бар. Ал «Талдықорған» индустриялық аймағына жыл соңына дейін қажетті коммуникация жүргізіліп, темір жол тартылып, тас жол төселмек . Өндірістік аймақ аумағында бүгінде соя зауыты, ет және нан комбинаты салынуда. Мұнда құрылыс жүргізуге 12 компания өтініш берген. 7,5 мыңға жуық адамға жұмыс орны ашылады, 40-қа тарта өндіріс іске қосылады. «Кем дегенде 100-120 миллиард теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз» дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Маржан Мұрат.
Ал Ақмола облысының Цели¬ноград ауданында әрқайсысы 300 оқушыға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Қазір Талапкер ауылдық округіне қарасты №96 разъезде және Тайтөбе ауылында жаңа мектептердің құрылысы жүргізілуде. Білім ордаларының екеуі де жоспар бойынша 2013 жылы пайдалануға берілуі керек еді. Алайда мердігерлердің салғырттығынан құрылыс жұмыстары созылып, биылғы жылы ғана аяқтау көзделіп отыр. №96 разъездегі орта мектептің құрылысына барлығы 547 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын 2011 жылы мердігер «Алмат Көкшетау» ЖШС қолға алып, кейін аяқсыз қалдырған. Осы күні сот арқылы аталған нысанның құрылысы «Қазбайлық Астана» серіктестігіне беріліп отыр.
Серіктестік басшысы Нұртай Хабдулиннің сөзіне қарағанда, білім ордасын биылғы жылдың қыркүйек айында тапсыру жос¬парланған.
Тайтөбе ауылындағы мектептің құрылысы да алғашқы мердігер¬дерден сот арқылы алынып, «Электросетьстрой» серіктестігіне сеніп тапсырылған. Бұл нысанды алдағы жиырма күннің ішінде аяқтау көзделген. Қазіргі кезде негізгі жұмыстар аяқталған. Ғимарат маңы абаттандырылып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here