Домой Жаңалықтар Технология Елордада су құбырын мониторингтеудің жаңа технологиялары қолданылады

Елордада су құбырын мониторингтеудің жаңа технологиялары қолданылады

Елордада су құбырын мониторингтеудің жаңа технологиялары қолданылады

Елордадағы ең ірі коммуналдық кәсіпорындардың бірі «Астана су арнасы» МКК 57 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында қызмет ететін 1500-ден астам маман сумен тұрақты әрі сапалы жабдықтау үшін жауапты. Жыл сайын жаңа технологиялар қолданысқа енгізіледі, соның арқасында су жеткізу барысы ұдайы бақылауда болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада су құбырын мониторингтеудің жаңа технологиялары қолданылады

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Валихан Досаевтың айтуынша, ұйымшыл ұжымның біраз бөлігін жастар құрайды.

– Қалаға астаналық су қоймадан жылына 90 млн текше метр су жеткізіледі. Биыл кәсіпорынның 57 жылдығын атап өттік, еңбек етіп жүрген әулеттер де, өзіндік дәстүрлеріміз де бар. Жыл өткен сайын жас мамандарымыздың саны артып келеді, — дейді Валихан Досаев.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында call-орталық ашылды, онда 24 оператор жұмыс істейді. Байланыс орталығы есептеуіш құралдардың көрсекіштерін қабылдап, пломбы салу, қайта есептеу мәселелерімен айналысады.

3129c03d80049ca0e353357b5dc.jpeg

Ал апаттар туралы өтініштер авариялық-диспетчерлік қызметке келіп түседі. Қазіргі кезде  «smart-су» жобасын енгізу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынған. Су құбырының негізгі желілерін алыстан бақылау үшін онлайн-мониторинг жүйесі қолданылады.

– Тұтынушы үшін не маңызды? Судың сапасы, қысымы, апаттардың болмауы. Қала бойынша желілерге барлық учаскелердегі судың сапасы, қысымы туралы мәліметтер беретін арнайы құралдар орнатылып, біз осыған қол жеткізе алдық. Онлайн-режимде мониторинг жүргіземіз. Бүгінде «ақылды» суды пайдаланып жүрміз десек те болады. Кейде тіпті, жұмыскерлерге оқиға орнына барудың да қажеті болмайды, бәрі де автоматпен жұмыс істейді. Біз адам факторын барынша азайтуға тырысамыз,- дейді автоматтандырылған жүйелер және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Рашит Маитдинов.

Күн сайын су бұру проблемалары бойынша 50 жуық, ал сумен жабдықтау жөнінде 20–30 өтініш келіп түседі.

Вячеслав су қоймасынан жеткізілетін суды тазартудың барлық кезеңдері елордадағы жалғыз сорғы-сүзгілеу станциясында жүзеге асырылады. Бұл энергия үнемдегіш жоба – шаю кезінде барлық су қайтадан блок басына жіберіліп, тазартылады, бұрын ол Ақбұлаққа құйылатын.

Айта кетейік, қалалық су арнасындағылар краннан су ішуге болатынын, тіпті оны ішу қажет екендігін де атап өтті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here