Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Ән айтудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Ән айтудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Ән айтудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Ән айтудың пайдасы қандай?Әр адамда әртүрлі хобби бар. Дей тұра, мамандардың «пайдасы бар» дегендерін дағдыға айналдырғанның зияны жоқ. Мәселен, ән айту…

1. Бақыт гормоны бөлінеді

 Ән шырқау миыңызға мол әсерін тигізеді. Себебі ән айтқанда жүйке жүйесі тынышталып, рахаттанады. Сонымен қатар эндорфин гормоны бөлінеді. Оны «бақыт гормоны» деп атайды. Ал ол сіздің денсаулығыңызда маңызды рөл атқарады.

2. Күш-қуатыңызды арттырады

 Адам ән айтқан кезде күш-қуаты арта түседі. Көңіл-күйіңіз көтеріліп, шаршағаныңыз бір-ақ сәтте басылады.

3. Күйзелісті жеңеді

 Ән салу арқылы сіз күйзелісті жеңесіз. Хормен бірге немесе ансамбльде ән айтатын адамдар өздерін сенімді, әрі табысты сезінеді.

4. Тыныс алу жолдарын тазартады

 Ән айту барысында тыныс алу жолдары тазарады. Мұрын, тамақ ауруы әншілерге көп қауіп төндірмейді.

5. Ойлау қабілетін жақсартады

 Орта жүйке жүйесі мен миыңызға ән салудың әсері көп. Басқа өнер түрлеріне қарағанда оның мимен байланысы өте жақын. Ойлау қабілетін жақсартып, аса қауіпті аурулардың бірі – альцгеймердің де алдын алады.

 Егер сіз әлі өзіңіздің хоббиіңізді таппасаңыз, ән үйірмесіне жазылыңыз. Немесе караокеге барып тұрыңыз. Сонда сіз жоғарыда айтылған аурулардан аулақ боласыз. Есесіне денсаулығыңызды күтесіз. Ән айтудың пайдасын достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

anabol.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here