2014 жылдың 30 желтоқсанында ашылған Қазақстан Республикасы ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі – заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған мемлекеттік емдеу мекемесі.
Госпиталдің штатында жоғары білікті дәрігерлер, медицина ғылымдарының канидидаттары мен докторлары, «Астана медициналық университеті» АҚ кафедрасының қызметкерлері жұмыс істейді. Госпиталда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, ардагерлерін және олардың отбасы мүшелерін олардың тұрғылықты жерлеріне қарамастан емдеу және оңалту бойынша әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда.
Бұл диспансерлік жүйесі ғана емес, мұнда әртүрлі ауруларды жоғары технологиялық емдеудің толық циклі, оның ішінде хирургиялық қызмет толық қамтылған Астанадағы бірінші мекеме болып табылады.
ІІМ-нің Орталық госпиталінде бірінші рет Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қызметкерлер мен ардагерлер тірек-қимыл жүйесі аурулары және жарақаттану кезінде жоғары технологиялық жедел оталар жасата алады. Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет барысында жарақаттануы мүмкін жағдайлардың көп болуы ескеріліп отыр. Госпиталь профессор Ерсін Жүнісов және оның әріптестері 8 қыркүйектен бастап тізе буынының атроскопиясына кіші инвазивтік ота өткізе бастады. Осындай адам ағзасына эндоскопиялық аспаптармен ота жасауды азайтып, заманауи технологияның жетістіктерін кеңінен пайдалануда.
Осылайша, науқастың ауруханада болу уақытын қысқартуға және емді амбулаторлы түрде алуға болады. Травматология бойынша емдеудің заманауи технологияларын енгізу госпитальда үздіксіз ем қабылдап, тез арада қызметіне кірісуіне мүмкіндік береді. Бұдан былай осындай ота жасаулар жоспарлы тәртіпте өтеді.