Домой Жаңалықтар Спорт Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды

Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды

Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды

3327a20a661c788eabeef5072f7Елордалық спортшы, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында алтын жүлде еншіледі. Ақтық жекпе-жекте 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде біздің боксшы өзбекстандық қарсыласы Шахрам Гиясовты айқын басымдықпен жеңді. Үш раундта да Данияр көш бастап, өз шеберлігін, техникалық арсеналы мен жақсы қорғана алатынын көрсетті. Төрешілер 3:0 есебімен Даниярды бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Отандық спортшы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қоржынына үшінші алтын жүлдені салып отыр. Бұл бокстағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін елордалық спортшы Василий Левит Олимпиаданың күміс медалін олжалаған болатын.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Данияр Елеусінов жарыс қорытындысы бойынша өз пікірін жеткізді:

«Мен мақсатыма, арманыма жеттім. Өте қуаныштымын, бақыттымын. Ата-анамның арқасында. Олар мені кішкентайымнан желеп-жебеп, осы мақсатыма жету жолында қолдау көрсетті. Рахмет! Отаным Қазақстанға, жанкүйерлеріме мың алғыс!»

Айта кетейік, бүгінде Данияр Елеусінов Қазақстанның беделді боскшыларының бірі. Ол әлем чемпионы, АИБА халықаралық бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша екі мәрте үздік боксшы атанды, Азия ойындарының жеңімпазы, ал енді ең бастысы – Олимпиада чемпионы. Елеусінов бокс әлемінде «қазақша» деп аталып кеткен 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде еліміздің ұлттық құрамасы спортшыларының алтын медаль алу дәстүрін жалғастырды.

astana.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here