Домой Жаңалықтар Пайдалы кеңестер Шаршамауға көмектесетін кеңестер. Музыкотерапия

Шаршамауға көмектесетін кеңестер. Музыкотерапия

Шаршамауға көмектесетін кеңестер. Музыкотерапия

Шаршамауға көмектесетін кеңестер. МузыкотерапияБритан елінің азаматы Адриан Хилл сурет салуды ұнататын. Оған қоса, ол емделушілердің сурет салған кезде өздерінің ауруын ұмытып, көңіл-күйі көтерілетінін байқаса керек. Сондықтан санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандарды емдейтін А. Хилл бұл әдісті өзінің тәжірибесінде де қолдана бастапты. Кейін бұл әдіс «арттерапия» деген атауға ие болыпты.

Арттерапия – бейнелеу өнерімен емдеу деген сөз. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Арттерапияның бірнеше түрі бар:

  • Музыкотерапия;
  • Құм терапиясы;
  • Ертегі терапиясы;
  • Би терапиясы;
  • Кинотерапия;
  • Фототерапия.

Біз осы жазбамызда музыкалық терапияға тоқталсақ деп едік.

Әрбір музыкалық шығарма адамды қуаттандыратын, оның өміріне әсер ететін көптеген  ақпаратқа толы. Музыкотерапияның екі түрі болады: Белсенді және енжарлы. Белсенді музыка тыңдау кезінде тыңдаушы музыканың шығуына өзі көмектеседі, қосылады немесе ырғағын қолмен соғып  келтіреді. Сонымен қатар ол аспапта да ойнай алады. Ал пассивті тыңдаушы оның  ішкі дүниесін ашатын музыканы жай тыңдап қана сауығады.

Музыкотерапевттердің айтуынша, әр тыңдаушыға жеке әуен таңдау керек. Сонымен қатар белгілі бір ауруларды емдейтін арнайы «сауықтырушы-шығармалар» да бар көрінеді. Мысалы, көңіл-күйіңіз болмаса, В. А. Моцарттың «Рондо в турецком стиле» шығармасын, «Кармен» операсынан Ж. Бизенің  «Хабанерасын» тыңдауға болады.

Келеңсіз жағдайларды ұмыту үшін Ф. Шуберттің «Аве Мария» шығармасын тыңдағаныңыз дұрыс. Таңертеңгі ұйқыңызды  ашу үшін   А. Вивальдидің шығармаларын жүктеп алыңыз. Егерде өзіңізді шаршағандай сезінсеңіз, Э. Преслидің, Л. Армстронгтің шығармаларын қосыңыз.

Ұйқыңыз бұзылса, П. И. Чайковскийдің пьесаларын, Р. Шуманның «Мечты», К. Глюктің «Мелодия»шығармаларын тыңдаңыз. П. И.Чайковскийдің «Вальс цветов», В. А. Моцарттың музыкалық шығармалары асқазанның аурулары мен он екі ішектің қабынуынан емделу кезінде көмектеседі екен.

Діни музыка өмірдегі қиындықтарды жеңуге, басыңызға ауыртпашылық түскен кезде, ішкі жан дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Музыкотерапия сеанстарын күн сайын өткізгеніңіз жөн. Алғашында шығармаларды тыңдау уақыты 10-15 минут болса, жеткілікті. Кейін терапия уақытын ұзартуға болады.

Тыңдайтын шығармалар сізге түсінікті, құлаққа жағымды болуы — басты шарт. Егер де музыка  жағымсыз естіліп, сізді шаршатып жіберсе, өзіңізге ұнайтын шығармаға ауыстырып алғаныңыз абзал.

Музыкотерапияны тыныштықта, жайлы креслода отырып, өткізгеніңіз дұрыс. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here