Домой Жаңалықтар Білім Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатырЖаңа оқу жылы қарсаңында мектепке керек жабдықтарды арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден төмендетілген бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жәрмеңке қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр.

Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынуда.

Сағат 10-нан бастап астаналықтар балаларына мектеп формасын, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер таңдап, кеңсе заттары мен кітаптарды 10­-50% жеңілдікпен сатып алуда.

Астана қаласының білім басқармасы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарованың айтуынша, бірінші кезекте жәрмеңке тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған, оның басты мақсаты елордалық балаларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, шара барысында халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Көпшілік назарына Оқушылар сарайыларының, музыка және өнер мектептері ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Айта кетейік, шара жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here