Футболдан Бразилия құрамасы Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық ойындардың жеңімпазы атанды, финалдық жарыста пенальти сериясында Германия командасын ұтты, деп жазады Қазақпарат Ленты.ру-ға сілтеме жасап.
Рио-де-Жанейрода кездесу «Маракана» стадионында болды, негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қарсыластар немістердің бесінші әрекетіне дейін мүлт кетпей пенальти тепті. Бразилиялықтардың голкипері Вевертон Нильс Петерсонның соққысын қайтарса, ал шешуші он бір метрлікті орындаған Неймар дәлдік танытты.
Бразилиялықтар тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарын ұтты. Немістер күміс алды, қоланы Нигерия құрамасы еншіледі.