Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ресми түрде ашылды.
Ұзындығы 430 метрді құрайтын бұл көпір Хунань провинциясындағы Гранд-Каньон ұлттық паркінің үстінде орналасқан. Бұл көпір шыныдан жасалған үшқабатты 99 қатты панельден тұрады, деп хабарлайды Қазақпарат.
Онымен жүріп өту үшін алдын ала билет сатып алу қажет. Өйткені қазіргі таңда мұндай билеттер бір сағаттың ішінде таралып кетіп отыр. Айтпақшы, бұл көпір биіктігі жағынан да рекорд орнатып отыр. Ол жерден 275 метр биіктікте орналасқан.