Домой Жаңалықтар Әлем Түркі ғалымдары көшпелілер медицинасының тарихын зерттеуге кірісті

Түркі ғалымдары көшпелілер медицинасының тарихын зерттеуге кірісті

Түркі ғалымдары көшпелілер медицинасының тарихын зерттеуге кірісті

20160821020028Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында Түркі академиясы xалықаралық ұйымы (TWESCO) мен Моңғолия дәстүрлі медицина музейі «Номун гэрэл» орталығының бірлесіп ұйымдастырған «Көшпелілердің дәстүрлі медицинасының даму сатылары» атты халықаралық конференция өтуде.

TWESCO сайтының хабарлауынша, конференцияға әлемнің жеті елінен 40 ғалым қатысып, түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі медицинасының тарихы мен тағлымы, дәстүр сабақтастығы туралы келелі мәселелерді талқылап, адамның денсаулығы мен саламатты өмірі хақында ғылыми құнды пікірлерін ортаға салып жатыр.

Жиынды ашқан Моңғолия Ғылым академиясының академигі, Моңғолия дәстүрлі медицина музейінің басшысы Далантайн Цэрэнсодном осы ғылыми конференцияны ортақ өткізуге жағдай жасаған Халықаралық Түркі академиясына алғыс білдірді. Алқалы ғылыми басқосуға қатысқан академия ғылыми қызметкері Ақеділ Тойшанұлы TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің ресми құттықтауын көпшілікке оқып берді.
«Бүгінгі ғылыми жиында ғасырлар қойнауынан бүгінге жалғасқан халық емшілігінің тылсым сыры ашылып, ғылыми нысанға айнала беруіне тілектеспін. Жаңалықтың жаршысы болатын ғалымдардың құнды пікірлері бір-біріне тоғысып, рухани кеңістік кеңи берсін», — делінген құттықтау xатта.
Айта кету керек, TWESCO арнайы шақыруымен жиынға қатысып отырған ҚХР СУАР Үрімжі қаласынан келген профессор, нейрохирург Жасарат Жәлелдің «Тіркес сіңірді ота жасап қазақтың саптама етігімен қозғалыс үстінде емдеу амалы», түрколог Нуриддин Усеевтің «Манас» эпосындағы халық емшілігі туралы білім мәселесі» деген баяндамалар жұрт назарын аударды. Фольклортанушы А.Тойшанұлы «Қазақ, моңғол елдерінің бақсылық салтындағы жылан рәмізі» деген баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары арнайы жинақ боп жарық көреді.

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here