Домой Жаңалықтар Қоғам Партия активі бас қосты

Партия активі бас қосты

Партия активі бас қосты

Партия активі бас қостыАлматы облысына жасаған іссапарының қорытындысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партия активінің жиынын өткізді. Жиналысты облыс әкімі Амандық Баталов жүргізді.

 Жиналысты ашқан облыс басшысы нұротандықтардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы айтты.

Атқарылған іс жайында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі күні партия қатарында облыстың 338 бастауыш ұйымға біріккен 114 433 тұрғыны бар. Жыл басынан бері партия мүшелерінің қатарын тағы 14 мыңнан астам адам толықтырған. Ғ.Сарыбаевтың пікірінше, бұл — азаматтардың «Нұр Отанға» деген жоғары сенімнің белгісі.

Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясының жетекшісі Е.Келемсейіт, саяси кеңес бюросының мүшесі Константин Нестеров, партияның Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамгүл Ермағамбетова сөз сөйледі.

Басқосу соңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммед «Нұр Отанның» әрбір белсендісінің қызметіндегі басым бағыт халықпен жұмыс істеу болуы тиіс екенін айта келе партияның облыстық филиалына ҰБТ-дан өтпей қалған жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесіне ықпал етуді тапсырды. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын тұрақты бақылау, әсіресе оған бөлінген қаржының пайдаланылуы мен игерілуін назарда ұстау туралы тапсырма берді.

— Алматы облысы – Тұңғыш Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған өлкесі. Сондықтан барлық бағыттағы даму көрсеткіштеріңізбен басқа өңірлерге үлгі болуларыңыз керек. Олардың бәрі де Алматы облысына қарап бой түзеуі керек, — деді қорытынды сөзінде М. Құл-Мұхаммед.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here