Домой Жаңалықтар Білім Астанада білім беру ұйымдарында 14 мыңға жуық педагог жұмыс істейді

Астанада білім беру ұйымдарында 14 мыңға жуық педагог жұмыс істейді

Астанада білім беру ұйымдарында 14 мыңға жуық педагог жұмыс істейді

Астанада білім беру ұйымдарында 14 мыңға жуық педагог жұмыс істейдіҚазіргі кезде елорданың білім беру мекемелерінде 13 760 педагог жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын өзінің кәсіби біліктілігін арттыратын мұғалімдер саны артып келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінде қалалық мектептерде бірінші және жоғары санаттағы 6239 педагог еңбек етіп жүр, былтыр бұл көрсеткіш 5944 болған.

Білім саласында қызмет ететін жас мамандар саны жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15% құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3661 педагог жұмыс істейді.

Астаналық колледждерде 1774 инженерлік-педагогика қызметкері балаларға сабақ береді. Соның ішінде 913-і мемлекеттік, 861-і жеке меншікті колледжде істейді. Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрлар 100% жасақталған.

Колледждерде дуальді білім беруге баса назар аударылады. Бүгінде бұл үрдіске 21 мамандық бойынша 18 колледж бен 44 кәсіпорын тартылған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан 1464 студент қамтылған.

Елордалық 9 колледжде эксперименталды оқу жоспарлары әзірленді, олардың өндірістік оқыту үлесі 60% дейін, ал теориялық — 40% дейін, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап тәжірибе 10 оқу орнында қолға алынбақ. Үстіміздегі жылдың қараша айында гуманитарлық, медициналық колледждерде және «Даналық» медициналық-фармацевтикалық колледжде дуальді білім беруді енгізу көзделген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here