Домой Жаңалықтар Қоғам Елордалық жүргізушілер балаларға арналған мекемелердің жанында жылдамдықты 40 км/сағ дейін төмендетуге міндеттелді

Елордалық жүргізушілер балаларға арналған мекемелердің жанында жылдамдықты 40 км/сағ дейін төмендетуге міндеттелді

Елордалық жүргізушілер балаларға арналған мекемелердің жанында жылдамдықты 40 км/сағ дейін төмендетуге міндеттелді

edec950ef2b98b3eb335415c769Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жалпы білім беретін мекемелердің жанында жүргізушілер үшін 40 км/сағ дейін «Жылдамдықты шектеу», «Балалар» тыйым салу және ескерту белгілері қойылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жолдың жүріс бөлігіне де «Жылдамдықты шектеу» белгісі салынған.

Сонымен қатар, балаларға арналған мекемелердің жанында қажетті учаскелерде көлік құралының жылдамдығын төмендетуге мәжбүрлейтін жасанды бұдырлар жасалды.

Астана қаласының ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Елжан Чупековтың айтуынша, тиісті шаралар балалардың қатысуымен орын алатын ЖКО санын айтарлықтай азайтады. Алдағы уақытта балалар мекемелерінің жанында жылдамдықты төмендету мақсатында стационарлық жылдамдық өлшегіштер орнатылады.

Айта кетейік, екі күннің ішінде мектептер мен балабақшалардың жанында жылдамдық режимін бұзудың 500 астам фактісі тіркелді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here