Алматыда ҰОС-на қатысушылар мен аға ұрпақ өкілдеріне қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы беріледі. Қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалымен өткен қалалық Мәслихаттың V шақырылымындағы 43-ші сесиясында депутаттар жеңілдетілген жолақы туралы шешімді бірауыздан қолдады.
Депуттар «Алматының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы» және электронды жол жүру карталарына сәйкес қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде, сондай-ақ 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына, күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, жасына байланысты зейнеткерлерге жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі беру туралы мәселелерді қарады. Бұлардан өзге, электрондық жол жүру карталарға сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілетін болды.
Қала әкімі қазіргі күрделі жағдайда аға буын өкілдеріне қолдау білдірудің қажет екендігін атап өтті.