Домой Жаңалықтар Технология Рельстердің сапасын тексеруге арналған бірінші зертхана ашылды

Рельстердің сапасын тексеруге арналған бірінші зертхана ашылды

Рельстердің сапасын тексеруге арналған бірінші зертхана ашылды

рельсы

Ақтөбе қаласында рельстер мен қалыпқа құйып илемдеудің сынақтарын жүзеге асыратын Қазақстандағы бірінші аттестаттау орталығы болатын сынақ зертханасы өз жұмысын бастады.

Бұл Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында тиісті аттестат алғаннан кейін іске асты. Зертхана «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен қаржыландырылған Ақтөбе рельс арқалық зауытының (АРАЗ) құрылысы жобасының бір бөлігі болып табылады. АРАЗ-ды пайдалануға тапсыру биылғы жылдың соңында жоспарланып отыр.

Сынау зертханасында зауыт өндіретін өнімдердің сапасы 16 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді тексерілетін болады: аққыштығы, мықтылығы, химиялық құрамы, қаттылығы, ұзындығы, тұтқырлығы және т.б. Еуропада өндірілген автоматтандырылған жабдық Ақтөбе қаласында рельстер мен қалыпқа құйып илемдеудің сынақтарын жүзеге асыратын Қазақстандағы бірінші аттестаттау орталығы болатын сынақ зертханасы өз жұмысын бастады. Материалдардың күрделі металлографикалық, макроқұрылымдық және физика-математикалық сынауын жүргізу мүмкіндігін береді. Келешекте зертхана рельс арқалық зауытының өнімін сертификаттаумен қатар, басқа да металл өнімдерінің өндірушілерін сертификаттай алатын болады.

«Біздің зертхана өнімдердің қабылдау-тапсыру сынақтарын Кеден одағының техникалық ережелеріне сәйкес өткізетін болады. Рельстердің қаттылығын, соққылық тұтқырлығын және мықтылығын және қалыпқа құйып илемдеуді зертханалық сынау ең алдымен пайдалану қауіпсіздігін барынша қамтамасыздандыруға бағытталған, өйткені зауыттың өнімі тұрғын үй құрылысына және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын теміржол қатынас жолдарына арналған. Ресей мен Италияның сынау орталықтарында оқыған зертхана қызметкерлері материалдардың алғаш физикалық-механикалық және химиялық сынақтарын өткізіп, сынамаларды дайындап жатыр», — деді «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС (АРАЗ) орталық зауыт зертханасының бастығы Бекәлі Тұрабеков. Зауыт толық жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін зертханада 93 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

Айта кетейік, АРАЗ-ды пайдалануға тапсыру 2015 жылдың желтоқсан айында жоспарланып отыр. АРАЗ құрылысының жалпы құны 412,6 млн АҚШ долларын құрайды, қажетті қаражаттың 60%-нан астамын ҚДБ 10 жылға дейінгі мерзімге берді. Бүгінгі күні кәсіпорында іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Илемдеу орнағы жылына 430 000 тонна илемдеу, оның ішінде 200 000 тонна – аса жылдам желілерге арналған термиялық нығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс саласына арналған қалыпқа құйылған өнім шығарады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here