Бүгінде 3000 ерікті іріктелді, олардың көбі ЖОО студенттері. Тыңдаушылардың бірінші тобы дау-дамайларды шешу бойынша тренингтен өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Астаналық еріктілермен бірге елордада супервайзерлер де білім алды, олар өз тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісетін болады.
2017 жылға дейін 4500 ерікті дайындықтан өтеді. Көрме аумағында қонақтармен еріп жүретін еріктілер ЭКСПО-қалашығы инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің орналасу орны туралы хабардар етеді, басқалары – келушілерді билеттендіру; жеке заттар жоғалған жағдайда, көмек көрсетуге және іздестіру бюросымен ынтымақтасу; медпунктердің қызметкерлеріне көмек көрсетуге және көрме әріптестері мен демеушілерімен бірге жүруге жауап береді.
Сонымен қатар, еріктілер кешен тұрақтарын бақылайды, көліктің уақытылы ұсынылуын және көрмеге келушілер мен қатысушыларды автобус аялдамаларына жібереді. Ресми делегациялардың мүшелерін қабылдап, олармен еріп жүретін бөлек топ құрылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз үшін жауапты көмекшілер көмектеседі.
ЭКСПО-2017 еріктісі болуға ниет білдірушілер expo2017astana.com. сайтында сауалнама толтыра алады.