Бүгін «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы мен Арыс қаласының әкімі Сейіт Мырзақұлұлының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлікті жүргізу, жер телімін алу мәселелері бойынша өз өтініштерін білдірді. Шаһар басшысы аталған мәселелерді шешу үшін бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелер оң шешімін тапты.