Домой Жаңалықтар Әлем Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Белградта Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан мен Сербия басшылары ақын бюстіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде қазақтың ұлы ақынының туғанына 170 жыл толған тұста Белград қаласында оның ескерткішінің ашылуы маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара қазақ ақындары мен жазушыларының туындылары серб тіліне және керісінше серб қаламгерлерінің шығармалары қазақ тіліне аударылуына ықпалын тигізсе деймін. Осылайша, біз халқымызды және жастарымызды жақындастыра түсеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Сербияның Қазақстандағы мәдени күндерін және Белградта еліміздің мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени және гуманитарлық байланысты нығайту қадамдары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Сербия Президенті Т.Николич пен Белград қаласының мэрі С.Мали сөз сөйледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here