Назарбаев университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар. Энергия. Инновация» атты елордалық жастар форумы өтті. Форум аясында жас кәсіпкерлер мен ғалымдар инновациялық, ғылыми және ақпараттық, сондай-ақ, әлеуметтік және жастар кәсіпкерлігі жобаларын ұсынды. Форум ұйымдастырушысы — Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.
Бұл шараға 500- ден астам адам жиналды. Форумға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, қалалық мәслихат депутаты Асхат Оралов, «Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов және т.б. қатысты.
Форум аясында жасыл технологияларды дамыту және инновацияларды өндірісте пайдалану бойынша жобалар көрмесі ұйымдастырылды.
Форум соңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетуге арналған автошеру ұйымдастырылды.
Авторы: Бэлла Орынбетова