Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысының омарташысы бал өндірісі көлемін ұлғайтуда

Алматы облысының омарташысы бал өндірісі көлемін ұлғайтуда

Алматы облысының омарташысы бал өндірісі көлемін ұлғайтуда

Алматы облысының омарташысы бал өндірісі көлемін ұлғайтудаАқсу ауданындағы Суықсай ауылынан «Эдуард» шаруа қожалығының басшысы Николай Бенкс ара шаруашылығымен айналысуда. Кәсіпкердің ата-анасы да бал араларын өсірумен айналысқан болатын және аздаған кірістер де келтірді. Өз қызметінің нәижесін көрген  кәсіпкер   бал арасын өсіруді конвейерлік жолға қоя отырып, өз бизнесін кеңейтуды ұйғарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Кәсіпкер қаржыландыру жөнінде «Ресей жинақ банкі» ЕБ АҚ-ға жүгініп, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алды. Банкке жүгінгенге дейін оның 20 ара ұясы болған еді. 3 млн. теңге заемдық несие алған кәсіпкер қосымша 50 ара ұясын омартасымен сатып алды, сондай-ақ бал құятын ыдыстар және басқа да құрал-жабдықтар алып, өндіріс пен өткізу көлемін ұлғайта отырып, маусымда 3500 келі өнім өткізді. Сыйақы мөлшерін субсидиялаудан басқа клиентте өтімді мүлікпен қамтамасыз ететін мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты «Даму» қорының 1 500 000 теңге көлеміндегі кепілдігі мақұлданды.

 «Бал арасы шаруашылығымен айналысу технологиясы ара өсірушілерді ауа райына қарай күтудің техникасына өзгерістер енгізуге міндеттейді, — деп әңгімелейді Ниуколай Гарриевич, — Мұндай жағдайда әр күні тәуекелге баруға мәжбүрміз, бізге субсидия бөлінуі төлем жүктемесін жеңілдетіп, ертеңгі күнге үмітпен қарауға сенім ұялатады».

Маусымдағы қарбалас кезең мамырдан тамыз айына дейін жалғасады, одан кейін бал арасын қосымша қоректендіре отырып, омарталарды қымдап, қвысқы кезеңге әзірлеу қамына кіріседі. Бір ара ұясы маусымда 50 келі бал береді. Екі жыл ішінде ол жеке адамдар мен кәсіпкерлер арасынан тұрақты тұтынушылармен жұмыс істеуге машықтанып алды, ал өндірілген бал жыл соңына дейін өткізіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here