Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде, ұлттық және өңірлік брэнд қалыптастыру, оларды жылжыту бойынша және облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың осы бағыттағы тапсырмаларын орындау бойынша әр аудан және қалаларда кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.
Республика деңгейінде атқаралып жатқан ауқымды жұмыстарды жүргізу мақсатында облыс көлемінде арнайы сарапшылар бүгін Арыс қаласында болды.
Кездесуге облыс әкімінің кеңесшілері (бренді қалыптастыру бойынша сарапшылар) С.Бүксіков пен Б.Каюпова, қала әкімі С.Ертай, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, этномәдени орталықтың өкілдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.
Жиынға қатысушылар қаланың брэндін қалыптастыру, оларды ілгері жылжыту бойынша өздерінің ойларымен бөлісіп, ұсыныстар берді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.