Өткен аптада облыс әкімдігінде ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Кеңестің мақсаты — облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру болып табылады.
Жиын барысында идеология бойынша аудан, қала әкім орынбасарларының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ, басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл «Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы» туралы және аудан, қала әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы баяндама жасады.
Кеңесте жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар қойылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінің ұсыныстары айтылды.