Ертең Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық театр – ұлттың айнасы» тақырыбы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының әртістерімен кездесу кеші өтеді.
Қазақ хандығының 550 жылдығының аясында өткізіліп жатқан атаулы шараның мақсаты – жастарды ұлттық өнердің кәусарынан сусындатып, ұлттық тәрбиеге баулу.
Кездесуге «Кузбасс» Құрмет орденінің иегері, «Қасым» киносындағы жауынгер Қасым Қайсеновтің рөлін сомдаған актер Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айтматовтың «Ғасырданда ұзақ күн» спектакліндегі Едігені сомдаған Ыбыраев Болат Қалыбекұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектакліндегі Баянның рөлін сомдаған Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы қатысады.