Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке болашақта өңірлер арасында тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге облысымыздың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Оңтүстікқазақстандық дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты.
Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық екенін тағы да дәлелдеді.