11 қыркүйекте Триатлон паркте бүкіл отбасыға арналған шара өтеді. «Отбасылық дуатлон» барысында белсенді демалуға әуес жандар 2 км велосипедпен бағындырады, ал балалар 500 м қашықтыққа жүгіреді, деп жазады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Отбасылық дуатлонға денсаулығына қарай белгіленген қашықтықты бағындыра алатын ересектер мен балалар қатысады. Балалар екі жас санатында сайысқа түседі: 9-дан 11-ге дейін және 12-ден 14 жасқа дейін.
Бұл күні ерлер 2 км жүгіреді, ал аналар осы қашықтықты велосипедпен бағындырады, балалар 500 метрде жарысады.
Отбасылық дуатлонға тіркелу үшін қатысушылар family-duatlon@mail.ru электронды поштасына өтінім жіберулері керек. Егер 11 қыркүйекке дейін тіркеліп үлгермей жатсаңыздар, жарыс өтетін күні де өтінім беруге болады. Тіркеу сағат 9:00-10:30 аралығында өтеді. Шара 11:00 басталады.
Қашықтықты сәтті бағындырып, жүлделі орын алған отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Отбасылық дуатлонның бас жүлдесі отбасыға арналған Ыстық көлге жолдама, күміс жүлде – елордалық фитнес-орталықтардың біріне отбасылық абонемент, ал қола жүлдегерлерге велосипед беріледі.