Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң №523 бұйрығымен Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтында 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа алты мамандық ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңадан ашылған мамандықтар«Химия-биология», «Математика-физика», «Математика-информатика», «Физика-информатика», «География-тарих», «Тарих-дiнтану» деп аталады.
Осы мамандықтарды таңдаған талапкерлер қос пәннiң мұғалiмi ретiнде бiлiм бакалавры бiлiктiлiгiне ие болады. Шағын жинақталған мектептер үшiн даярланатын бұл мамандар келешекте Қазақстанның бiлiм беру жүйесiн одан әрі дамытып, өркендетуге үлес қосады. Шалғай ауылдар мен шағын станциялардағы жинақталған мектептер үшiн бұл қуанышты жаңалық болары сөзсіз.