
2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші қорытынды кезеңі аяқталады деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
«Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2016 жылғы30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда.
Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясыарқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.
2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.
Қазіргі таңда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
2016 жылғы қыркүйекте қоғам президенті Ғани Нығыметовтың әртүрлі аймақтардың өкілдері мен атаулы топтарымен шығу кездесулері басталды. Кездесулер мен сөз сөйлеулер барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің негізгі талаптары, стипендиаттардың конкурстан өту рәсімі және оқу процесініңерекшеліктері толық түсіндіріледі.
Өзінің сөзінде Ғани Нығыметов: «2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, биыл 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. Сонымен қатар, барлық азаматтарға «Болашақ» стипендиясы туралы ақпараттар қол жетімді болуы үшін белсенді ақпараттық кампания жүргізілуде» деп атап өтті.