Домой Қоғам Астана Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылды

Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылды

Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылды

Елордалық жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтылдыС.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде бірінші курс студенттеріне есірткі заттарының зияны мен оны сақтағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні туралы интерактивті дәріс өткізілді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дәріс жастарды нашақорлықтан қорғауға және салауатты өмір салтын сақтауға тартуға бағытталған «Өрмек» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

— Жоғары және орта оқу орындарында дәрістер тұрақты түрде өткізіледі. Біз 7-ден жоғары сыныптар мен студент жастарды қамтимыз. Дәрістер каникул кезінде, балалар мектеп жанындағы лагерьлерде болғанда өткіземіз, табиғат аясына бірге шығамыз. Бүгін құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бірінші курс студенттерін, елордаға өңірлерден келгендерді жинадық, — деді Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиных.

Мемлекеттік органдардың өкілдері қатысушыларға синтетикалық есірткінің зияндылығы мен олардың психикаға әсері туралы айтып берді, шылым қоспаларын пайдалану кезінде болатын нақты психиканың бұзылуы туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ, ҚР есірткі қылмыстары үшін жазаны қатаңдату нысандары түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер жасырын түрде өз сұрақтарын жолдады.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың сегіз айында есірткі қылмыстары үшін 182 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, есірткіні заңсыз сақтаудың және тұтынудың 563 фактісі анықталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here