Астанада Тілеп Аспантайұлы атындағы 1-ші халықаралық ішек аспапта орындаушылар арасында байқау басталды.
Байқауға Солтүстік Америка, Еуропа және Азия мемлекеттерінен қатысушылар келген.
«Ішекті аспаптар ішінде қобыз күйшілерінің арасындағы байқау әлемде алғаш рет болайын деп жатыр. Оған Америка, Азия, Еуропа құрлықтарының 30-дан астам елдерінен өнерпаздар келіп отыр», — дейді байқау ұйымдастырушысы, Тілеп Аспантайұлының ұрпағы Сапар Ысқақов. — Мұндағы біздің мақсатымыз қазақтың қара қобызын үлкен дүниежүзілік дәрежеге, деңгейге көтеру, сол арқылы қазақтың мәдениетін көтеру, оны дүниежүзіне таныстыру, түптеп келгенде қазақты таныстыру. Өйткені қобыз музыкалық аспап ретінде 2 мың жыл бұрын дүниеге келген. Моңғолияда, Алтайдың байрауынан 6 ғасырда болған қобыз табылды. Оны мен өз көзіммен Ұлан Батырда музейден көрдім. Егер оны 6 ғасырда біздің ата-бабаларымыз ойнаған болса, оның тарихы 2 мың жылдан асып жығылады деген сөз. Оның бержағында, қазақтың Алтайында Берел жерінен жауынгер табылды, оның бір жағында семсер, бір жағында қобыз жатыр. Сол уақытта біздің бабаларымыз жауынгер болған, бірақ қарумен қатар қобызды да қатар ұстаған. Соған қарағанда, түркілер, қыпшақтар, қазақтар қобызды қатты сыйлаған. Бір уақыттар болды, қобыз өте төмен дәрежеге түсіп қалды. Енді құдайға шүкір, қобызымыз барлық елдерге танымал болып жатыр. Енді біз оны одан әрі танытуымыз керек».
Айта кету керек, қазылар алқасының қатарында Қазақстаннан Айман Мұсақожаева, Еділ Құсайынов, Қырғызстаннан Саламат Садықова бар, сонымен қатар Ұлыбританиядан, Қырымнан, Оңтүстік Кореядан Қытайдан қазылар келіп отыр.