ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі, білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесе Шымкент қалысындағы Жастар орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекесіне орайластырылған «Жол қозғалысының жас инспекторлары» атты саптық шеруін өткізді, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның мақсаты, балалар мен жастардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.
Жол қозғалысының жас инспекторлары ұйымына мүше балалар саптық шеруде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған әндер орындады. Сондай-ақ, 210 жас инспектор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын айшықтайтын 25 санын бейнелеп сапқа тұрды.
Саптық шеруге полицияның 200-ден астам көмекшісі мен 500 жоғары сынып оқушылар қатысты. Оларға полицейлер жол қозғалысын насихаттайтын кітапшалар мен буклеттер таратты.