Өңірлерде Қазақстан Бокс фдерациясы кубогы турнирінің ширек финалы аяқталды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен бүгін, Павлодар облысының командасы ақтөбеліктерден 6-4 есебімен, ал маңғыстаулықтар Жамбыл облысы командасынан 7-3 есебімен басым түсті.
А тобынан Алматы облысы, В тобынан Маңғыстау облысы, С тобынан Астана қаласы, ал Д тобынан Оңтүстік Қазақстан облысының командасы суырылып алға шықты.
Кубоктың жартылай және финалдық кездесулері 3 және 4 желтоқсан күндері өтеді. Өткен маусымдағыдай жеңіске жеткен команда 25 млн. теңге көлемінде сыйақы алады.
Естеріңізге сала кетсек, 2010 және 2013 жылдары Астана қаласының, 2011 жылы Қарағанды, 2012 жылы Маңғыстау, 2014 жылы Жамбыл, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының командасы кубок иегері атанған болатын.