Кеше Астанада «Отбасылық дуатлон» өтті. Ата-аналар мен балаларға арналған жарыс Astana Triatlon Park кешенінің аумағында ұйымдастырылды, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жарыс басталмас бұрын нұсқаушылар қатысушыларға жаттығу жасатты. Қатысушылар екі санатта жарысты: 9-11 және 12-14 жастағы балалары бар отбасылар. Отбасы мүшелері жеке қашықтықтарды бағындырды – әкелер 2км, аналар велосипедпен 2км, ал балалар 500 мтрге жүгірді.
Дуатлонға Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев та өз отбасымен қатысты.
9-11 жастағы балалары бар отбасылардың арасында Пономаревтар отбасы топ жарды, екінші жас санатында Жақсылықовтар жеңімпаз атанды. Жарыс жеңімпаздары Ыстықкөлге жолдамаларға ие болды. Екінші орын алған астаналықтар CrossfitCentre абонемент алды, үшінші орын алғандарға велосипедтер табысталды. Сонымен қатар, жарыс соңында лоторея ойнатылып, велосипед табысталды.
— Күйеуіммен және балаларыммен триатлонмен бір жарым жылдан бері айналысып жүрміз. Алдымен Орталық паркке барып жүрдік, содан кейін AstanaTriatlonpark салынды. Астнада осындай шаралардың ұйымдастырылатыны жақсы. Алдағы уақытта көптеген жарыстар өтеді, бүкіл отбасымызбен қатысамыз, — дейді Раушан Сағынтаева, оның отбасы 12-14 жас санатында 1-орын және 9-11 жас санатында 2-орын алды.