
«Қазақстан темір жолы» АҚ жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жариялады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі:
Пойыздар тізімі | «Турист» | «Бизнес» | «Гранд» |
№19/20 «Астана – Атырау» | 20% | 40% | 40% |
№35/36 «Алматы-2 – Шымкент» | 20% | 40% | 40% |
№49/50 «Алматы-2 – Ақтөбе» | 20% | 40% | 40% |
№89/90 «Астана – Қызылорда» | 25% | 30% | 30% |
№69/70 «Алматы-2 – Защита» | 15% | 30% | 30% |
№77/78 «Алматы-2 – Атырау» | 15% | 30% | 30% |
№79/80 «Астана – Шымкент» | 21% | 25% | 25% |
№1/2 «Алматы-2 – Астана» | 0% | 20% | 20% |
№701/702 «Алматы-2 – Петропавловск» | 0% | 20% | 20% |
№67/68 «Астана – Защита» | 10% | — | — |
№87/88 «Астана – Ақтөбе» | 10% | — | — |
Сонымен қатар, бұрын енгізілген тиімді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 санатына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:
- «Құрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;
- «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;
- «Саяхатшы» – тұрақты жолаушылар үшін 10%-дан 20%-ға дейін.
Енді бұдан былай жаңа жеңілдіктердің арқасында дисконтты карталары бар жолаушылар «Бизнес» және «Гранд» вагондарын билет алса, жалпы көлемі 70 пайызға дейін жеңілдікті иелене алады.