Алматыда өсірілетін әйгілі апорт алмасының көлемі мұхиттың арғы жағында өткен экономикалық форум қонақтарын тәнті етті. Бір қызығы көпшілікке қазақстандық өнімді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің өзі таныстырды. Ол Алматының апорт алмасын жергілікті жеміс-жидек өсірушілерге үлгі еткен.
Джон Керри, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
— Мына алманы жаңа ғана қолыма ұстадым. Бұл Алматыдан жеткен естелік. Алма пішінін айнытпай қазақстандық қолөнершілер жасапты. Расымен дәл осындай өнім Қазақстанда өсіріледі. Естеріңізде болса, біздің жеміс-жидектеріміздің жиын-теріні көңіл қуантпай тұр. Мен қазақстандық шаруалардан апортты өсіру әдісін білгім келеді. Себебі ол өте дәмді әрі әдемі.