Омбы мен Новосібір туристік компанияларының өкілдері Астанаға ат басын тіреді. Қонақтар елорданың бірқатар көрікті жерлерін аралап, Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтандыру нысандарын көрді, «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында болып, Астананың туристік әлеуетімен танысты, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ақпараттық тур аясында Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен Омбы облысының мәдениет министрлігінің арасында, сондай-ақ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС мен Новосібір облысының өңірлік даму орталығының арасында туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Аталған тур Астананы дамыту, елорданың имиджі мен туристік алмасуды жақсарту, сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.