Астанада 2 қазан күні Жастар театрының мерейтойлық Х маусымы ашылады.
Сахнаға алғашқы болып Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы жол тартады.
2007 жылы еңселі елордамызда бой көтерген Жастар театрының алғашқы маусымы да дәл осы қойылыммен ашылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы аталмыш қойылым ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестиваліне қатысып, «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғысхан рөлі» аталымдарындағы жүлдеге лайық деп танылған. Қойылымның режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай.