Домой Жаңалықтар Қоғам Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылды

Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылды

Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылды

Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылдыАлматыда жүрек қан-тамырларына жедел-күрделі операция жасайтын екінші қалалық орталық ашылды. Оған жергілікті бюджет есебінен құны 250 миллион теңге болатын ангеограф аппараты сатып алынған. Жаңа орталықта бүгін дәрігерлер науқасқа жедел операция жасады. Нәтижесі жақсы. Жаңа құрылғы май шоғырымен бітеліп қалған қан-тамырларын анықтауға мүмкіндік береді. Одан кейін жүрек тұсына торлы түтік жіберіледі.

Сәкен Анартаев, Интервенциондық кардиология бөлімінің меңгерушісі:

— Бұл әдіс қан-тамыр арқылы, жүрекке кеудені ашпай, тек сон артериасы, болмаса білек артериясы арқылы кіріп жасалатын операция. Ол кезде науқас өз есінде болады. Ешқандай жалпы наркоз берілмейді. Бұл малоинвазивті операция болып табылады.

Шамамен екі миллион тұрғыны бар алып шаһарда жыл сайын 15 мыңға жуық науқас жүрек ауруымен емдеу мекемелеріне жедел жеткізіледі екен. Оның 4 мыңнан астамына коронографиялық ем қолданылса, 400 азаматтың жүрегіне ашық операция жасалады. Мұндай аурулар қала аумағының ұлғаюына байланысты көбейіп келеді. Жаңа орталықта алдымен Наурызбай ауданының тұрғындары емделеді, — деді дәрігерлер. Кейінірек еліміздің өзге аймақтарынан келген науқастарға да қажетті көмек көрсетілмек.

Жүрек қан-тамырларын қалпына келтіру, стент орнату үшін ақылы қызмет көрсету бағасы 250 мыңнан 1 миллион теңге аралығында. Ал қалалық 7-ші ауруханаға жедел жеткізілген науқастарға операция тегін жасалады.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here