Домой Қоғам ОҚО Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталдыБүгін Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур  ұйымдастырылды.

Тілшілер онда шаруа қожалығындағы  жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Бүгінде 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік түрлері жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт асханалық-сортты жемістер жиналған. Жиналған өнімдер балғын түрінде күндегісі нарыққа саудалануда.

Жалпы ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімдері егілген болса, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі.

Мұнан бөлек, шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here