Домой Қоғам Астана Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады

Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады

Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады

Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындыладыЕлорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады. Оның мақсаты – елордалықтарды спортқа баулу. Мемлекет басшысы атап өткендей: Дені сау ұлт – Қазақстанның жетістікке жетуінің кепілі». Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары аясында маңызды міндет қойылды – 2020 жылға қарай халықтың 30%-ын дене шынықтыру мен спортқа тарту. Осыған байланысты бір ай бойы елордалық спорт алаңдары мен саябақтарда түрлі бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды, оған 50 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әр демалыс сайын Астананың 9 паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту, сондай-ақ, отбасыларға арналған «Көңілді старттар» өткізілді.

Футбол мен хоккейден жарыстар қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты, ату, шахмат, тоғызқұмалақ, кроссфит, жүрдек мәнерлеп көлік жүргізуден де сайыстар ұйымдастырылды. Спорт ардагерлері мен әуесқойлары велоспорттан Қазақстан кубогының ІІ кезеңі аясында бұқаралық жарысқа қатысты. Акцияға «Дәует» және «Барыс» спорт кешендері де атсалысты. «Астана Марафон 2016» халықаралық қайырымдылық жүгіруіне 4500 артық адам қатысты. Соның ішінде мемлекеттік қайраткерлер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері – әлемнің 23 мемлекетінің өкілдері бар.

Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарында ұлттық спорт түрлерінен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірінші «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті. Турнирге еліміздің өңірлерінен жүзден астам спортшы қатысты.

«Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын елордада 200 астам шара мен ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Енді осы жобаны да жүзеге асырдық. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады», — деп атап өтті Әсет Исекешев.

Астана әкімінің айтуынша, «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашу жоспарланып отыр. Жалпы алдағы екі жылда Астана әкімдігі бұқаралық спортты дамыту үшін 22 спорт алаңын салады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here