Өңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім жəне мəдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамтамасыз етуді және шағын және орта бизнесті дамытуды Кентау қаласының басшылығы мен əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясына тапсырды.