Домой Қоғам ОҚО Созақта 280 орындық жаңа балабақша ашылды

Созақта 280 орындық жаңа балабақша ашылды

Созақта 280 орындық жаңа балабақша ашылды

14265097_1749311702002926_105129269576051647_nЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орындық «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына ОҚО әкімінің орынбасары Ж. Бөкенбаев пен ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Д. Досанов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салихалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерінің қолдауымен білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.

Жалпы Созақ ауданында 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның он бір шағын  орталық, сегіз жеке меншік нысанда қызмет көрсетеді. Осы жылдың өзінде төрт балабақша ашылса, жыл соңына дейін үш балабақша ашылады деп күтілуде. Осылайша, балабақшамен қамтылғандар саны биыл 3530-ге жетіп, 88,8 пайызды құрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here