1 қазанда «Алау» мұзайдыны сарайында бұқаралық коньки тебу маусымы ашылады. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Келушілерге 400 метрлік жол, хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған корттар ұсынылады. Айдындардағы мұз озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып құйылады.
Биылғы маусымда хоккей кортында EХPO-2017 логотипі, ал жүгіру жолында – ұлттық ою-өрнек бейнеленеді.
Мұздың жалпы ауданы — 9200 м², ол үшін 460 000 литр су қажет. Бұл ретте ауа температурасы аренада +13; +16°C, ал мұз үстіндегі температура — минус 5°C құрайды.
Еске салайық, жазғы маусымда «Алау» спорт орталығына 12 710 адам келген, соның ішінде 1500 оқушы қалалық мектептердің жанындағы лагерьлерге барған балалар. Сонымен қатар, көп балалы отбасылардан шыққан 250 бала сарайда сүйікті спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігіне ие болды.