Домой Жаңалықтар Білім «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды

0


«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды. «Жасыл технологиялардың халық академиясы» Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай елді мекенінде орналасқан. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттегі әртүрлі санаттағы тұрғындарға «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар туралы жүйелі білім беріп, энергия және су үнемдеу технологиялары тәжірибелерімен таныстыру. Бұл технологиялардың ішінде елімізде шағын энергетика, энергия үнемдейтін жылыту мен жарықтандыру, туризм, жасыл құрылыс, қалдықтарды қайта пайдалану және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылған жобалар бар.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 20-25 аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here