Астанада «Көлік кеңістігін бақылау» жобасын сынақ ретінде енгізу үшін аймақты абаттандыру жұмыстары басталды.
Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы 19-26 қыркүйек аралығында сағат 21:00-ден (тәулікке) Нұржол желек жолында автокөлік өтетін жол жартылай жабылады.
Жолдарды жабу кестесі:
20.09.2016ж. №1 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, «Нұрсая» ТҮ 2)
21.09.2016ж. №2 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Орынбор көшесінен Түркістан көшесіне дейін, «Нұрсая» ТҮ 1)
22.09.2016ж. №3 орынтұрақ телімін жайластыру (Түркістан к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)
23.09.2016ж. №4 орынтұрақ телімін жайластыру (Бәйтерек)
24.09.2016ж. №5 орынтұрақ телімін жайластыру (Ақмешіт к-сі, Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін)
25.09.2016ж. №6 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, «Керуен» СО)
26.09.2016ж. №7 орынтұрақ телімін жайластыру (Нұржол ж-лы, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін, «Изумрудный квартал» БО)